Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары аясында «Жасыл даму» АҚ басшылығы Париждегі «Syctom» тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату агенттігімен және «Vicat» компаниялар тобымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды.
Ынтымақтастық аясында өзара ақпарат алмасу және тәжірибені зерделеу, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне қажетті инвестициялар тартуға және «жасыл» технологиялар трансфертін кіргізуге жәрдемдесу көзделіп отыр.
«Жасыл даму» АҚ өкілдері Франция сапары барысында Париждегі «Syctom» тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату агенттігінің, «Vicat» компаниялар тобының цемент зауытындағы қауіпті және басқа да қалдықтарды жағу бойынша қоқыс сұрыптау кешенінің жұмыс процесімен және энергетикалық кәдеге жарату (қоқыс жағу кешені) нысандарымен танысты. Сонымен қатар, «Tredi S. A.» компаниясының қауіпті қалдықтарды, соның ішінде құрамында полихлордифенил (ПХД) және тұрақты органикалық ластаушы заттар бар қалдықтарды кәдеге жарату зауытында болды.