Қазақстан мен Қытай экологиялық әріптестікті нығайтуда: «Жасыл даму» АҚ жасыл технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды қолдайды
Баспасөз орталығына оралу

Қазақстан мен Қытай экологиялық әріптестікті нығайтуда: «Жасыл даму» АҚ жасыл технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды қолдайды

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында тұрақты инфрақұрылымды дамытуға және жасыл технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қоюды қолдайды. Бұл уағдаластықтар салаларды технологиялық трансформациялау, экологиялық тиімділікті арттыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) мен Қытайдың Үлкен шығанағы өңірінің импорты мен экспорты қауымдастығы (GBAIEA) арасындағы келісім шеңберінде ауыр электр құрылыс және өндірістік арнайы техниканы жеткізу бойынша бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда. Жоба Қазақстанның құрылыс саласын жаңғыртуға, шығарындылар деңгейін төмендетуге және техниканы басқаруға цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Сондай-ақ, «Бір белдеу, бір жол» экологиялық технологияларды беру орталығы (Brettc) мен ХЖТИЖО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат жасыл технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, стартаптарды қолдауды, тұрақты урбанистік жоспарлауда, шығарындыларды бақылау және қалдықтарды басқару жүйелерінде білім мен тәжірибе алмасуды көздейді.

Үш келісім де Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты даму саласындағы іс жүзіндегі өзара іс-қимылдарға қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді. Тараптар диалогты жалғастыруға, бірлескен бастамаларды дамытуға және Қазақстанның инфрақұрылымына экологиялық және цифрлық шешімдерді енгізуге деген өз ниеттерін растады. Қол қойылған құжаттар – халықаралық серіктестікті нығайту және жасыл күн тәртібін кеңейту жолындағы маңызды қадам.

«Жасыл даму» АҚ жасыл экономиканы нығайтуға және ұлттық және халықаралық деңгейде экологиялық бағдарланған жобаларды ілгерілетуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын.