Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы-Бектаев Әли Әбдікәрімұлының төрағалығымен "ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мәселелері және оларды кәдеге жарату" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. "Парламентаризм институты" РМК, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің," Жасыл даму" АҚ, қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы" ЗТБ, сондай-ақ облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен "ӨКМ жүйесін (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Отырыс барысында қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу жүйесін қайта қарау, қалдықтар жөніндегі нормаларды экологиялық кодекстен жеке нормативтік құқықтық актіге бөлу, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. "Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов өз баяндамасында Ecoqolday автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы субсидиялау бағдарламасының жұмыс барысы туралы айтып берді, оның мақсаты өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне (ӨКМ) жататын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдау болып табылады. "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ тетігі арқылы қалдықтарды басқару саласындағы 200 млрд теңге көлеміндегі жобаларды қаржыландыру бастамасына ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ҚТҚ басқару жүйесін одан әрі жетілдірудің ықтимал жолдарын және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін талқылады.