Қазақстан Республикасындағы қайталама шикізатты қайта өңдеу: даму мәселелері мен мүмкіндіктері
Назад в пресс-Центр

Қазақстан Республикасындағы қайталама шикізатты қайта өңдеу: даму мәселелері мен мүмкіндіктері

Бүгін "Жасыл даму" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов Қазақстанның қайталама шикізатын қайта өңдеушілер қауымдастығы" ұйымдастыруымен өткен "Қазақстан Республикасындағы қайталама шикізатты қайта өңдеу: Даму мәселелері мен мүмкіндіктері" атты конференциясына қатысты. Конференцияға ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қайталама шикізатты қайта өңдеушілер, өнеркәсіпті дамыту қоры, сондай-ақ "Einoia" қалдықтарды басқару және шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Оңтүстік Корея компаниясының өкілдері қатысты. Конференция барысында жалпы қалдықтарды қайта өңдеу және ПЭТ қалдықтарын қайта өңдеу саласының мәселелері, атап айтқанда қоқыс полигондарының, ҚТҚ қалдықтарын басқару жүйесінің мәселелері көтерілді. "Жасыл даму" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қатысушыларды Қоғамның іске асырылып жатқан жұмысы бойынша, "EcoQolday" жүйесінің жұмыс істеуі туралы хабардар етті, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Және де Қоғам қалдықтарды басқару саласындағы жобаларға кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен 200 млрд. теңге бөлеті туралы ақпараттандырды. Конференция қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, одан әрі жұмысты жалғастыруға үміт білдірді.