Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын шолу және жаңарту бойынша отырыс өтіп жатыр
Баспасөз орталығына оралу

Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын шолу және жаңарту бойынша отырыс өтіп жатыр

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ халықаралық әріптес – RECETOX Стокгольм Конвенциясының өңірлік орталығы (Брно қ., Чехия Республикасы) қолдауымен Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) «Албания, Армения және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарына шолу және жаңарту» (Жоба) жобасын іске асыру шеңберіндегі Ұлттық кіріспе кеңесін өткізді.
Жоба Стокгольм Конвенциясының 7-бабының талаптарына сәйкес Ұлттық жоспарды жаңарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда Қазақстан Республикасын қолдауға бағытталғанын атап өткен жөн. 
«Осы жылдар ішінде мемлекеттік бюджет, халықаралық гранттар және кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 649 тонна ПХД қалдықтары жойылды. Қазіргі уақытта ТОЛ және басқа да қауіпті қалдықтарды жою үшін итальяндық өндірістің заманауи жабдықтарын салу және монтаждау аяқталуға жақын. Бұл жабдық БҰҰ өнеркәсіпті дамыту бағдарламасымен (ЮНИДО) ұсынылған», - деп атап өтті ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Жомарт Әлиев кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде.
Қалдықтар кадастры бойынша деректерді, соның ішінде бүкіл республиканың аумағын қамтитын жаңа деректерді жаңарту жоспарланып отыр. Мұндағы маңызды тұсы – полихлорланған және полибромды дифенилдерге (отқа төзімді химиялық заттар пластмассалар мен көбік өнімдеріне қосылып, олардың тұтанбайтын етіп жасау) ерекше назар аудара отырып, зиянды қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды жинау, сақтау және жою бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу.
Сондай-ақ, кеңес барысында «Жасыл даму» АҚ өкілдері Стокгольм конвенциясын іске асыру аясындағы мекеменің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Елдегі қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі түсіндірілді, әсіресе Қарағанды және Қостанай облыстарында құрамында екі қалдықты басқару жөніндегі қызметтер туралы жеке атап өтілді – қазіргі уақытта  оларды жою тетіктері нақты ойластырылған.
«Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілуде, иесіз қалдықтарды басқарудың жаңа Ережелері қабылданды, кәдеге жарату төлемдері қаражаты есебінен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру бөлігінде Экологиялық кодекске толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берілді. Көріп отырғаныңыздай, жұмыс еліміздің 6 өңірінде белсенді жүргізілуде: Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ақмола облыстарында. Қалған өңірлерді аумақтардағы иесіз қауіпті қалдықтарды анықтау бойынша жұмысқа белсенді қатысуды сұраймыз», - деді өз кезегінде «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.
Халықаралық міндеттемелерді орындаудың жаңартылған Ұлттық жоспары ТОЛ қалдықтары иелерінің іс-әрекеттерін тиімді үйлестіруге, сондай-ақ қалдықтардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін мемлекеттік мониторингтеу және бақылау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, жоба шеңберінде мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің) тұрақты органикалық ластағыштарға қатысты Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын жаңарту мен ақпараттандыруды арттыру үшін тағы үш ұлттық кеңес ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Стокгольм конвенциясын 2007 жылы ратификациялаған болатын. Бүгінгі күні Конвенциямен реттелетін ТОЛ тізбесі 37 зиянды химиялық заттарды қамтиды. Әрбір Тарап өз міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын әзірлеуге және үнемі жаңартып отыруға міндетті. Қазақстан өзінің алғашқы Ұлттық жоспарын хатшылыққа 2009 жылдың желтоқсанында жолдады. Тізімге жаңа ТОЛ  түрлері қосылуына байланысты жоспар 2014 және 2017 жылдары жаңартылды. 2015 жылдан 2025 жылға дейін тізім тағы 14 жаңа затпен толықтырылды, бұл ұлттық жоспарды әрдайым жаңартудың өзектілігін арттырады.