Қазақстандық эко-бастамалар Ташкенттегі Eco Expo Central Asia 2025 көрмесінде
Баспасөз орталығына оралу

Қазақстандық эко-бастамалар Ташкенттегі Eco Expo Central Asia 2025 көрмесінде

Бұл күндері, 19-21 маусымда Ташкентте Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесі өтіп жатыр - өңірдегі тұрақты даму мен жасыл экономиканы ілгерілету үшін маңызды оқиғаның бірі. Іс-шара 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде ірі өнеркәсіптік компанияларды, стартаптарды, мемлекеттік құрылымдарды және экологиялық трансформацияға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және саланы қаржылай дамытуға мүдделі халықаралық ұйымдарды біріктіреді.

Eco Expo Central Asia көрмесі белсенді диалог, серіктестік орнату және аймақатағы жасыл жобаларды дамыту алаңына айналды. Қонақтардың қатарында халықаралық институттардың басшылары мен ірі бизнес өкілдері бар. 20 000 м2 аумақта демонстрациялық павильондар, B2B және G2B аймақтар, сондай-ақ экология, климаттың өзгеруі және тұрақты даму саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды ұсынатын ұлттық стендтер орналасқан.

Көрмеде «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов бастаған қазақстандық кәсіпкерлер де өз өнімдерін көрсетеді. Делегация құрамына қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық кәсіпкерлік саласындағы озық жобаларды іске асыратын бірнеше отандық компания кірді. Тізімде қайта өңдеуге арналған сандық фандоматтар, экологиялық таза «тас қағаз» өндірісі, литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдеу, қайта өңделген пластиктен жиһаз шығару, тамақ қалдықтарын қайта өңдеудің инновациялық тәсілдері, сондай-ақ макулатурадан ораудың ауқымды өндірісі кіреді.

Отандық компаниялар жасыл экономиканың дамуына үлес қоса отырып, технологиялық дайындықтың жоғары деңгейін және халықаралық деңгейде бәсекеге түсу қабілетін көрсетіп отыр. Көрме жаңа іскерлік байланыстар орнату, сыртқы нарықтарға шығу және экологиялық шешімдерді ілгерілету үшін маңызды мүмкіндік.

Осылайша, «Жасыл даму» АҚ инвестициялар тарту, жасыл жобаларды дамыту және Орталық Азияның экологиялық трансформациясының белсенді қатысушысы ретінде Қазақстанды ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастырады. Eco Expo Central Asia 2025 көрмесіне қатысу елдің халықаралық аренадағы позициясының тұрақты өсу үшін жаңа перспективалар ашып отыр.