Экотеатр жұмысын жандандыруға ұлттық компаниялар үлес қосуда
Назад в пресс-Центр

Экотеатр жұмысын жандандыруға ұлттық компаниялар үлес қосуда

«ЕcoQolday» жобасы аясында құрылған экотеатр жобасының дамуына «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының» еншілес ұйымдары, «Семізбай-U» ЖШС өз үлесін қосты. Аталған компания  ӨКМ Операторымен бірлесіп экотеатрға барудың бірегей іс-шарасын ұйымдастырды.
«Семізбай-U» ЖШС ұжымы қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсырып, одан түскен қаражатқа әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының эко-театрға баруына 30 билет сыйлады. Балақайлар үшін өнер ордасын тамашалу үлкен қуанышқа айналды.  Экологиялық театрдың қойлымында балалар актерлік шеберлік курсынан өтіп, экологиялық тақырыпта өз ертегілерін ойлап тапты.  Жас таланттар өз әлеуетін, шығармашылығын ашу үшін бар өнерін салды. Соның нәтижесінде қойылымнығң не екенін, театр қалай жұмыс істейтіндігін түсінді.

Театр қабырғасында балаларға шеберлік сабағы көрсетілді. Олар пластикалық бөтелкелерден гүл құмыраларын жасап, өсімдіктерді өздері отырғызды.