Өңдірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру процестері уақытша тоқтаталды
Назад в пресс-Центр

Өңдірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру процестері уақытша тоқтаталды

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру процестері уақытша тоқтатылды


Құзыретті органдар "ӨКМ Операторы" ЖШС қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуге байланысты, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру бойынша функцияларды бұрынғы оператордан "Жасыл Даму" АҚ басқаруына беру процесінің аяқталмауына орай төмендегі қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз:

- Кәдеге жарату төлемдерін қабылдау;
- Ескі көліктерді, агро техникаларды қабылдау;
- Ескі техниканы кәдеге жаратуға тапсырғандарға өтемақы төлеу;
- Қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және қайта өңдеушілерді субсидиялау;

Барлық ұйымдастырушылық және заңдық үдерістер аяқталғаннан кейін, серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы толық қолжетімді болғанан соң, "Жасыл Даму" АҚ-ның барлық міндеттемелерін толық орындалатын болады. Жоғарыда аталған себептерге байланысты әзірге тиісті қызметтерді жүргізу мүмкін емес.

Баршаңызды қазіргі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, көрсетілетін қызметтің қайта іске қосылуын күтулеріңізді сұраймыз.

Ақпараттық жүйелер жұмысының іске қосылғандығы туралы қосымша хабарланатын болады.