«EcoQolday» жүйесінің жаңа мүмкіндіктері қайта өңдеу саласы өкілдерімен талқыланды
Баспасөз орталығына оралу

«EcoQolday» жүйесінің жаңа мүмкіндіктері қайта өңдеу саласы өкілдерімен талқыланды

2025 жылғы 25 шілдеде «Жасыл даму» АҚ екінші қайтара өңдеу және автокомпоненттерді жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін «EcoQolday» ААЖ қатысушыларымен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесуде «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Кабдолданов сөз сөйледі. Ол «EcoQolday» жүйесіне енгізілген өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп өтті. Өзгерістердің негізгі мақсаты бизнес субъектілеріне қойылатын талаптарды жеңілдету және ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту.
Онлайн-кездесуге қайта өңдеу саласында, атап айтқанда қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу, сондай-ақ автокомпонент қалдықтарымен жұмыс істеу бағытында тіркелген шамамен 62 қатысушы қатысты.
Талқылау барысында қалдықтарды қайта өңдеу кезінде жоғалатын шығын нормативін алып тастау, қалдықтарды шығаратын ұйымдарды тіркеу мүмкіндігін енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу орындарына дейін теміржол көлігімен тасымалдауға рұқсат беру сияқты жаңашылдықтар айтылды. Сонымен қатар, тасымалдау кезінде аралық фотофиксацияны алып тастау, толық циклмен жұмыс істейтін ұйымдарға басқа да қалдық түрлерін жинауға мүмкіндік беру, сондай-ақ мүдделі тараптардың жазбаша өтініші негізінде есептілікті ресми жіберуге дейін түзетуге рұқсат беру мәселелері түсіндірілді.
Аталған өзгерістер «EcoQolday» жүйесін икемдірек етіп, сала өкілдерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған.