«Жасыл даму» АҚ ағымдағы жылдың соңында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы («Жасыл даму» АҚ) (бұдан әрі – Оператор) «Partnership for Market Implementation» (бұдан әрі – Серіктестік/ PMI) сомасы 5 млн. доллар тұратын гранттық жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отырғанын хабарлайды. Бұл Дүниежүзілік Банктің PMR шеңберінде көміртегі шығарындыларына баға белгілеу саласындағы қолдауының жалғасы болып табылады.
Нарықты жүзеге асырудағы серіктестік елдерге баға құралдарын олардың даму басымдықтарына сәйкес әзірлеуге, сынауға және енгізуге көмектеседі. Құны 250 миллион АҚШ долларын құрайтын 10-жылдық мақсатты капиталдандыру бағдарламасы, Серіктестік көміртегі шығарындыларының жоғары бағасын белгілейтін және Париж келісімінің температураның 1,5 °C - қа дейін көтерілуін шектеу мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін түрлі юрисдикциялар мен секторлардағы бағдарламалар мен саясатты қолдайды.
ҚР-дағы серіктестік грантының мақсаты Қазақстандағы шығарындылар саудасы жүйесінің (ШСЖ) жұмысын нығайту және 2030 жылға қарай ОНУВ (ҰДАС) жаңартылған мақсаттарына қол жеткізу және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін көміртегі шығарындыларына салықты әзірлеу мүмкіндігін зерделеу болып табылады. Бұл PMI жобасын клиент (Қазақстан) орындайды.
ҚР-да ұсынылып отырған PMI жобасы төрт компоненттен тұрады:
1-Компонент: ШСЖ жақсарту (3 200 000 АҚШ доллары);
2-Компонент: көміртегі шығарындыларына баға белгілеу құралын кеңейту (мысалы, көміртегі салығын енгізу) (950,000 АҚШ доллары);
3-Компонент: мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және әділ ауысу (350,000 АҚШ доллары);
4-Компонент: жобаны басқару, мониторинг және бағалау (500,000 АҚШ доллары).
PMI жобасының негізгі нәтижелері мыналар болады деп күтілуде:
1) көміртектің ең төменгі бағасын енгізу, салалық талдау жүргізу, ішкі офсеттік нарықты ілгерілету есебінен елдегі парниктік газдар шығарындыларын азайтуды ынталандыру үшін жетілдірілген ШСЖ.
2) ШСЖ-дегі мониторинг, есептілік және верификацияның жақсартылған жүйесі.
3) аукциондарды іске қосу арқылы көміртегі бірліктерін таратудың жетілдірілген жүйесі.
4) көміртегі бірліктерімен транзакциялар үшін ақпараттық технологиялардың жаңғыртылған инфрақұрылымын қоса алғанда, ішкі көміртегі офсеттерінің жақсартылған құрылымы.
5) көміртегі шығарындыларына баға белгілеуді кеңейту нұсқаларын бағалау.
6) коммуникациялық стратегияны әзірлеу және іске асыру.
PMI жобасының бенефициарлары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ), Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ), Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі (ЭМ) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ), квоталау субъектілері, көміртегі офсеттерінің қатысушылары, ШСЖ және көміртегі шығарындыларына салынатын салықтарға байланысты негізгі мүдделі тараптар/салалар, сондай-ақ энергетикалық ауысуға ұшыраған қауымдастықтар.