Сұрыпталған қалдықтарды қайда өткізеріңізді білмей жүрсіз бе? EcoQolday көмектеседі!
Баспасөз орталығына оралу

Сұрыпталған қалдықтарды қайда өткізеріңізді білмей жүрсіз бе? EcoQolday көмектеседі!

Қағазды, пластикті, әйнекті немесе ескі шиналарды бөлек жинайсыз, бірақ оларды қайда өткізуге болатынын білмейсіз бе? EcoQolday қосымшасы арқылы мұны санаулы минуттың ішінде жүзеге асыра аласыз.

Қосымшаны жүктеп, өтінім қалдырыңыз: қалдықтың түрін, салмағын және құнын көрсетіп, фотосын тіркеңіз. Осыдан кейін жинаушы сізбен өзі байланысып, қалдықтарды алып кету уақытын келіседі.

EcoQolday – «Жасыл даму» АҚ әзірлеген цифрлық платформа. Ол қалдықтарды сұрыптайтын азаматтарды Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жинаушылар және қайта өңдеуші кәсіпорындармен байланыстырады.

Жүйе 2024 жылғы тамыз айында іске қосылғалы бері EcoQolday арқылы қайта өңдеуге 131 мың тоннадан астам қалдық жіберілді. Бүгінде платформаға ондаған компания мен мыңдаған пайдаланушы қосылған. Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана қайта өңдеуге 70 мың тоннадан астам қалдық жөнелтілді.

Қалдықтарды сұрыптап, EcoQolday арқылы өтінім қалдырыңыз! Бірге Қазақстанды таза әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз елге айналдырайық! 🌿