«ECO MEKEN» – экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу. Бұл жолы қатысушылар Петропавл қаласына барып, күрделі сынақтан өтті. 1-тапсырма: супермаркетке барып, күнделікті қолданатын азық-түлік, тұрмыстық химия, косметика және канцелярия сияқты заттарды таңдау керек. Жай таңдау жарамайды, басты талап, ол өнімдер Қазақстанда екінші қайтара өңделуі шарт. 2-тапсырма: екінші рет өңделетін қоқысты сұрыптап, оны жуып, кептіріп, түйіршікке айналдырып, өнім шығару қажет. Көп өнім жасаған команда жеңіске жетеді.