Жыл соңына дейін 200 машинаға жеңілдікті сертификат беріледі.
Биыл 1 қазанда утилизацияға ескі автокөлік өткізіп, алуға болатын сертификат саны 5000 данаға артады. «Оператор ӨКМ» жарамсыз жүк көліктері мен автобустарды қабылдауға кезек ашады. Бұл құжат Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікті 550-750 мың теңге жеңілдікпен алуға мүмкіндік береді. Әзірше N1, N2, N3, М2 және М3 категориялы 200 автокөлікті сертификатқа ауыстыруға болады.
2020 жылы ескі жүк көлігі мен автобус өткізген тұрғындарға сертификат орнына ақшалай өтемақы төленген.
Қазір өткізілген көлік үшін мынадай көлемде ақша төленеді:
Жеңіл көліктерге сертификат беру жүйесін қайта іске қосу әзірше жоспарда жоқ.
Дереккөз: kolesa.kz