«EcoQolday» қатысушыларының саны 940 жетті
Назад в пресс-Центр

«EcoQolday» қатысушыларының саны 940 жетті

Қазанның 4-10 аралығында «EcoQolday» жүйесінде 3 840 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді.  Қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына 177 млн  теңгедеген астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 2 445 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 353 тонна полимер және  1 041 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.

Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 2  832 862 655  теңге қаражат төленді. Қазіргі уақытта жүйеде 5 446 өтінім пысықталып, 89  828 тонна қайта өңдеуге жіберілді.  

Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 940 жетті. Оның ішінде 203-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 36-кәдеге жаратушы зауыттар және 701 көлік компаниялары тіркеліп отыр.