EcoQolday автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмысы таныстырылды
Назад в пресс-Центр

EcoQolday автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмысы таныстырылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алаңында онлайн форматта қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Аталған кеңесте «Жасыл даму» АҚ өкілдерімен қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін ақшалай төлемдерді (субсидиялауды) растау және жүзеге асыру жөніндегі процестерді жүзеге асырылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (EcoQolday) жұмысы айқын көрсетілді.

Кеңеске 200 (екі жүз) астам қатысушылар қатысты, соның ішінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын және жүзеге асыруға ниетті кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ әкімдіктер мен салалық қауымдастықтар өкілдері. Кездесу барысында айтылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығымен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағидалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1250 қаулысымен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлері  бекітілгенін атап өтеміз.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (EcoQolday) тіркеу ағымдағы жылдың 5 ақпанында басталады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 62-06-60, 8-775-437-82-01 телефондары арқылы хабарласуға болады (Қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаменті).