«EcoQolday» бағдарламасының қатысушыларына
Назад в пресс-Центр

«EcoQolday» бағдарламасының қатысушыларына

Хабарландыру

Қаптаманың тұтынушылық қасиеттері жоғалғанан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар бойынша қызметтер көрсеткен ұйымдарға (бұдан әрі тиісінше – Орындаушылар мен Шарттар), сондай-ақ:

1) «ӨКМ Операторы» ЖШС-не мынадай құжаттарды ұсынған:

  • қол қойылған Шартқа қосымша келісім;
  • Шарт бойынша құқықтар (талаптар) мен міндеттемелерді «Жасыл даму» АҚ – на (бұдан әрі - Қоғам) беруге (қайта табыстауға) келісім;
  • 30.04.2022 жылына жағдай бойынша «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен қол қойылған салыстыру актісі.

2) кәдеге жаратушылармен қабылдау-тапсыру актісіне 2022 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей қол қойғандар;

3) 2022 жылғы қаңтарында көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге EcoQolday ААЖ (бұдан әрі - ААЖ) арқылы өтініш берген;

Шартқа сәйкес растайтын құжаттарды қоса беріп, Қоғамның атына көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жаңа өтініш беру қажет.


Орындаушыларға электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) арқылы келесі құжаттарды жолдау қажет:

  • Ілеспе хат (ілеспе хатсыз құжаттар тіркеуге жатпайды);
  • Шарттың деректемелерін, мәлімделген соманы және қалдықтардың массасын көрсете отырып, көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге өтініш;
  • Орындаушы мен кәдеге жаратушылар арасындағы электрондық шот-фактуралар («Шарт» бағанында осы жеткізілімге ААЖ-ға жасалған кәдеге жаратушылар мен орындаушы арасындағы шарттың деректемелері міндетті түрде жазылсын);
  • Қалдықтарды темір жол (бұдан әрі – ТЖ) тасымалымен тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда, ТЖ әрбір қабылдау-беру актісіне жүкқұжат.

Барлық құжаттарды ЭҚЖ арқылы Қоғамға жолдау қажет (яғни. https://documentolog.kz, https://doculite.kz бойынша). https://eotinish.kz немесе https://egov.kz порталдар арқылы жібермеуді сұраймыз, өйткені құжаттарды қабылдау үшін ЭҚЖ қарастырылған.

Орындаушылардың құжаттарын қарағаннан кейін, Қоғам көрсетілген қызметтер көлемін растаған жағдайда, Қоғамның атына:

  • электрондық шот-фактура;
  • расталған көлемге ағымдағы күнмен көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісін жолдау қажет.

Көрсетілген қызметтердің актілері қоғамға тек қағаз жеткізгіште ілеспе хатпен бірге 2 (екі) данада міндетті түрде ұсынылады, ілеспе хатсыз көрсетілген қызметтердің актілері тіркеуге жатпайды.

Еске салайық! Шарт бойынша Орындаушы ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәлдігі, толықтығы және дұрыстығы үшін қоғам, үшінші тұлғалар және мемлекеттік органдар алдында жауапты болады. Тексеру барысында жалған кәсіпкерліктің, алаяқтықтың немесе қылмыстық қылмыстардың өзге құрамының белгілері анықталған жағдайда, Қоғам материалдарды құқық қорғау органдарына жібереді.