Желтоқсанның 20-26 аралығында «EcoQolday» жүйесінде 4 596,9 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді. Осы аптада қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына 303 133 311,21 теңге қаржат төленді. 7 күн ішінде 3 067,64 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 411,58 тонна полимер және 1 117,65 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.
Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 4 492 156 903,20 теңге қаражат төленді.
Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1 405-ке жетті. Оның ішінде 253-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 37-кәдеге жаратушы зауыттар және 1115 көлік компаниялары тіркеліп отыр.
Шикізатты кәдеге жаратушы кәсіпорындар қаптама қалдығын сатып алуға төмендегі бағаларды ұсынып отыр:
Макулатура үшін 80-100 теңге Полимер үшін 150-280 теңге Шыны үшін 16-22 теңге