2023 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қаласы Атамекен ҰКП алаңында аралас форматта (онлайн/офлайн) «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру Қағидаларын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе (одан әрі–ААЖ) арқылы қолдану туралы түсіндіру бойынша конференция өткізілді.
Конференцияға 160-қа жуық бизнес өкілдері қатысты.
ААЖ-да жұмысын пайдаланушылардың негізгі функциялары мен принциптерін реттейтін бекітілген ереже таныстырылды. Одан кейін "сұрақ-жауап" форматында әрбір қатысушы көкейде тұрған сұрағын қойып, пікір алмасты.
Осы жүйенің жұмыс істеу барысында жиналған қалдықтарды тасымалдайтың кәсіпкерлердің рөлі, жаупкершілігі және басқа да сұрақтарға жауап берілді.