"Жасыл даму" АҚ қызметкерлері "Экоколдау" бағдарламасын іске асыру шеңберінде қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындарға барды. Кәсіпорын құжаттары тиісті түрде ұсынылған болса, оны тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеріс нәтижелері бойынша ұсынылған мәліметтер расталған жағдайда, Оператор мен кәсіпкерлік субъектілері арасында қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлемдерің жасау бойынша тиісті шарт жасалатын болады.