ЕГИПЕТТЕ СОР-27 КЛИМАТТЫҚ САММИТІ ӨТУДЕ
Назад в пресс-Центр

ЕГИПЕТТЕ СОР-27 КЛИМАТТЫҚ САММИТІ ӨТУДЕ

БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясы Шарм-Эль-Шейхте өтіп жатыр. 2022 жылдың 6-18 қарашасы аралығында ұйымдастырлаған шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген мемлекет өкілдері, климаттық сын-қатерлерге жаһандық жауап беру жағдайын және осы экзистенциалды дағдарысты шешудің келесі қадамдарын талқылау үшін бас қосқан. Климаттық жағдай біздің заманымыздың шешуші мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақстан да ол мәселеден шет айналып өте алмасы анық. Климаттық дағдарыстың жаһандық сипаты халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді. Бұл конференция – елдердің климаттың өзгеруіне қатысты батыл іс-қимылдарды шұғыл іске асыруда өз шешімінде берік тұра білетін өршілдік танытудың мүмкіндігі. Осы ретте «Жасыл даму» АҚ өкілдері конференцияның түрлі сессияларына белсенді қатысуда. Негізгі назар климаттық қаржыландыруға, Париж келісімі шеңберіндегі есептілікке, бейімделу шараларын жоспарлауға, сондай-ақ «шығын мен залал» механизмін іске асыруға байланысты сессияларға бағытталған. Шығындар мен залал климаттық дағдарыстың салдарын білдіреді.

Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы аталған климаттық саммитке «Жасыл даму» АҚ өкілдерінің қатысуына қолдау көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, климаттық саммит аясында Еуроодақ пен Қазақстан Республикасы шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегі саласындағы серіктестік туралы келісім жасасты.

Климаттық саммит аясында Еурокомиссия Төрағасы Урсула фон дер Лейен мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ЕО пен Қазақстан арасындағы әріптестікті белгілейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды;

- Келісім шикізат пен қайта өңделген материалдарды сенімді және тұрақты жеткізуді дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған;

- Сонымен қатарекі тараптың экономикасының жасыл және цифрлық трансформациясын жеделдету үшін жаңартылатын сутегі мен батареялардың күн тізбегін дамытуға бағытталған;

- Келісім шеңберінде шикізатты, аккумуляторларды және жаңартылатын сутекті жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру және осы мәселелер бойынша әлеуетті, дағдыларды, зерттеулер мен инновацияларды арттыру саласында неғұрлым екіжақты тығыз ынтымақтастық көзделген.