Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен негізгі бағыттары
Назад в пресс-Центр

Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен негізгі бағыттары

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған халықтың экологиялық мәдениеттін арттыруға бағытталған тұжырымдама әзірленіп, азаматтардың экологиялық сана мен мәдениеттін қалыптастырудың кешенді негізі қаланды. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидалары: экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, цифрландыру және бейне-мониторинг, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, халықты ақпараттандыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау, экологиялық дүниетанымды тәрбиелеу, прогрессивті технологияларды қолдану сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.

Осы қағидаттар биліктің барлық деңгейлері мен қоғамдық ұйымдардың елдің экологиялық мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерін жүйелеуге және үйлестіруге мүмкіндік береді.

2024 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында өткен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 900 мың тоннадан астам қоқыс жинап, 2,5 миллионға жуық жасыл желек отырғызылды. Еріктілер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлермен қатар жалпы халықтық акцияға 2,4 миллионнан астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп 19 наурыз бен 19 сәуір аралығында «Ұлттық ағаш отырғызу күні» қарсаңында Астана қаласының оқушылары арасында эссе жазудан, шығармашылық байқау ұйымдастырды.

Осы акциянының идеологиялық мәнін тереңдету мақсатында "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" және "Мөлдір бұлақ" сияқты тақырыпта апталықтар ойластырылды. Осы шаралар БАҚ және әлеуметтік желіде тұрақты насихатталып, елді мекендерді көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы 10 маусымда Астана-Алматы тас жолының бойын қоқыстан тазартуға арналған ROAD-эстафетасымен жалғасты. «Жасыл дам» АҚ ROAD-эстафетасының ұйымдастырылуына ат салысып, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығымен бірге Астана-Алматы тас жолының бойынан жиналған 100 тоннадан астам қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу орынына жеткізді.

«Жасыл даму» АҚ қалдықты басқару мақсатында, инфрақұрылымды жетілдіру және халықты жинау жүйесімен толық қамту үшін ауқымды бағдарламаларды белсенді енгізе бастады. 

«Жасыл даму» АҚ Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы бірнеше бағдарламаны қаржыландыр жүзеге асырып отыр. Негізгі бағыттардың бірі қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру механизімі. Бұл бағдарлама қоқыс таситын көліктерді, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу зауыттарын сатып алуға мүмкіндік беріп, қалдықтардың азаюына және қайта өңдеу саласының дамуына ықпал етеді. Қаржыландыру, Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жалпы көлемі 185 миллиард теңгені 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 3% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.

Бұл ретте, жеңілдетілген қаржыландыруды алу үшін өтініш берушілерге 20% мөлшерінде бастапқы жарна, оның ішінде 10% ақшалай қаражатпен болуы қажет.

«Ecoqolday» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қайталама шикізатқа сұранысты арттыру және оны әрі қайта өңдеу үшін енгізіліп отыр. 2024 жылы төлем ретінде 7,6 миллиард теңге қарастырылған. Қазір, ақпараттық жүйеге 77 компания өтінім берді, оның ішінде 51 қалдық жинаушы, 19 қайта өңдейтін, 7 компания толық циклді кәсіпорын. Осылардын ішінде 32 компания тексерістен өтті.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп, ескі көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын (ВЭТС/ВЭСХТ) кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаға қара металды қайта өңдеумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір кәсіпорынның монополиясы алынып тасталады. Ескі автокөлікті қайта өңдеу үшін алынатын төлем, өңделген техникадан шыққан шикізат құны болып табылады. Қазіргі уақытта ережелер жобасы әзірленіп, бекітілуде.

«Көлсай көлдері» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде саябақ қызметкерлері мен келушілерге қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және кәдеге жарату жөнінде оқу-ағарту шаралары өткізіледі, саябақтар аумағында сұрыптап жинауға арналған контейнерлер мен ақпараттық баннерлер орнатылады.