Электрондық жабдықтарға қатысты кеңейтілген өндіруші жауапкершілігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңеске қатысу
Баспасөз орталығына оралу

Электрондық жабдықтарға қатысты кеңейтілген өндіруші жауапкершілігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңеске қатысу

2025 жылғы 23 мамырда «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ұйымдастырған электрлік және электрондық жабдықтарға қатысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тетігін іске асыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңесте электрлік және электрондық жабдықтарға қатысты өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі жүйесін дамыту мәселелері мен келешегі талқыланды.

Кеңес жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Индустрия және құрылыс министрлігі, «KazWaste» Қазақстанның қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» ӨӨҰ, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар электрондық сектордағы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелер жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында салалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.