Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылады
Назад в пресс-Центр

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылады

"Жасыл даму" АҚ Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдетілген несие беру мәселесін пысықтауға кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.