4-5 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында VI Green Energy & Waste Recycling Forum өтті. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен қалдықтарды басқару жөніндегі "KazWaste" Қазақстандық Қауымдастығы ұйымдастырды.
Форумға 170-тен астам адам қатысты. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Жасыл Даму, ХЖТИЖО, АХҚО, Атамекен ҰКП мамандары. Сондай-ақ, Қазақстанның 9 өңірінен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жиналды. Форумда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа да мүдделі тараптардың, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Ұлыбритания және АҚШ-тың өкілдері қатысты.
Форум шеңберінде талқыланатын өзекті мәселелердің бірі өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тақырыбы болды. Қазақстанда ӨКМ жүйесін жетілдіру, ӨКМ тетігін қалыптастырудың жаңа тәсілдері және осы қағидатты іске асыруда өндірушілер мен импорттаушылардың рөлін арттыру мүмкіндіктері, сондай-ақ ӨКМ қағидатының елдегі қалдықтарды жинау мен өңдеу саласына әсері талқыланды.
Форум аясында "Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов "EcoQolday" жобасы бойынша 2021 жылдың 4 тоқсанында субсидия төленетінін және ӨКМ операторының барлық міндеттемелері орындалатынын атап өтті. Сондай-ақ, "Жасыл даму" АҚ өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты жалғастырады. Осы жұмыс шеңберінде өңірлерде ҚТҚ қалдықтарын бөлек жинауды енгізу үшін қажетті жабдық кезең-кезеңімен сатып алынатын болады.
Сессияға қатысушылар, оның ішінде уәкілетті органның, өндірушілер мен импорттаушылардың, қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері ұсынылып отырған жолды жан-жақты талқылап, оған өз түсініктемелері мен сұрақтарын ұсынды.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар келесі негізгі ұсыныстарды әзірледі:
- Қазақстанда ӨКМ тиімді тетігін әзірлеу саласында БҰҰДБ жүргізетін зерттеуді қолдау
- Жергілікті атқарушы органдар мен қоқыс шығаратын компаниялардың ӨКМ қағидатын іске асырудағы негізгі элемент ретінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу саласындағы қызметін күшейту
- ҚР заңнамасында тұрақты өнімдерді жобалау бойынша шараларды қарастыру
- Бекіту және іске асыру кезеңінде ӨКМ жүйесінің ашықтығын және қамтамасыз ету бойынша өндірушілер мен импорттаушылардың ұсыныстарын қолдау
- ТМД және Орталық Азия шеңберінде қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесін дамыту бойынша мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын күшейту.