Фин компанияларымен қалдықты тимді басқару саласында өзара әріптестік қатынас орнатылды
Назад в пресс-Центр

Фин компанияларымен қалдықты тимді басқару саласында өзара әріптестік қатынас орнатылды

    «Жасыл даму» АҚ Финляндияның «KaukoInternational Oy Ltd.» және «HLAD Engineering Oy» компанияларымен қалдықты тиімді басқару саласында әріптестік, өзара түсінікстік пен сенім  жөнінде меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрмыстық қалдықты сұрыптайтын кешендерді дамыту және қалдық өңдеу көлемін ұлғайту, қауіпсіз қоқыс полиондарын құру, өңделген қалдықтан шикізат шығару, аймақтарда ҚТҚ сұрыптап жинау жүйесін дамыту мәселесінде өзара тәжірибемен бөлісетін болып келісті. Бұл ретте тараптар аймақтарда қалдық басқарудың бірыңғай кіріктірілген жүйесін құрудағы тың тәжірибесін ұсынатын болады. 

 Сонымен қатар, тараптар саладағы жаңа бастамалар мен қалдық өңдеу бағытында енгізіліп жатқан тың ақпараттармен бөлісіп отыруға уағдаласты.