VII Еуразиялық бизнес-форум қарсаңында ұйымдастырылған сапар аясында "Жасыл даму" АҚ өкілдері "Ecomaf" ЖШС "ZQ 2021" ЖШС және "STI Company" ЖШС компанияларына барды.
Кездесу барысында кәсіпорындардың жұмысымен, пластикті, қолданыстан шыққан шиналарды қайта өңдеу технологиясымен және одан шығатын дайын өніммен танысты. Бұл жобалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және қайталама шикізатты қайта өңдеу саласында бизнестің кең мүмкіндіктерін көрсетеді.