"Гринэйк хикаясы" экологиялық ертегісін үздік дыбыстау бойынша балалар байқауының қорытындысы шығарылды ⠀
Назад в пресс-Центр

"Гринэйк хикаясы" экологиялық ертегісін үздік дыбыстау бойынша балалар байқауының қорытындысы шығарылды ⠀

Балалар байқауға белсенді қатысты. Байқауға 170-тен астам түрлі бейне жұмыстар ұсынылды. Үздіктерді таңдауда қазылар алқасына оңай болған жоқ.

Айта кету керек, байқауды ӨКМ Операторы мен Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Әділ қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша "Гринэйк хикаясы" эко-ертегісін дыбыстау байқауында төмендегі қатысушылар үздік теп танылды:

Саида Бегарстанова, Әділ Мерғалым, Санжар Арынғазинов

Жеңімпаздар Xiaomi Redmi смартфондарын және "Гринэйк хикасяы" эко-ертегілер жинағын және "Балапан" телеарнасына арналған ертегі желісі бойынша болашақ мультфильмді дыбыстауға мүмкіндік алды.

Қазылар алқасы басқа қатысушылардың да күш-жігерін жоғары бағалап, "Креатив және шығармашылық тәсіл" номинациясының 5 жеңімпазын анықтады.

Номинанттар:

Лария Исембаева, Заңғар Балқашбеков, Адия Итамова, Айзерде Бегарстанова, Әли Өтеміс.

Номинация жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласындағы kidburg.kz балалар паркіне  билет ұтып алды.  

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 26 желтоқсан күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін "Хан Шатыр" СОО-да өтеді.