2025 жылғы 3 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиевтің, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ және Стокгольм Конвенциясының өңірлік орталығы болып табылатын RECETOX (Чехия Республикасы) Қоршаған орта химиясы және экотоксикология зерттеу орталығының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Басқосу Жаһандық экологиялық қордың және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының – «Албания, Армения және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарына шолу және жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.
Кездесу барысында жобаны іске асырудың ағымдағы барысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқару тұжырымдамасының мәселелері талқыланды.
Бұл жобаны іске асыру қауіпті химиялық заттардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған Стокгольм конвенциясы шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал етеді.