ИИДМ: Жеңілдетілген автонесие меморгандарда келісу рәсімдерінен өту сатысында
Назад в пресс-Центр

ИИДМ: Жеңілдетілген автонесие меморгандарда келісу рәсімдерінен өту сатысында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосу барысы мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.


«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде» делінген министрлік хабарламасында. Мәліметке сай, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды. «Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0% бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды» деп мәлім етті ведомстводан.