Ескі ауылшаруашылық техникасын жоюға тапсырудың нұсқаулығы
Назад в пресс-Центр

Ескі ауылшаруашылық техникасын жоюға тапсырудың нұсқаулығы

Агротехниканы тапсырудың нұсқаулығы: 

1.  Техника тапсырушы шаруа ең алдымен жергілікті әкімдікке немесе аймақтық фермелер қауымдастығына барып, тапсыратын техникасы жөнінде мәлімет қалдырады. 

2.  Жергілікті әкімдік немесе қауымдастық шаруа қожалықтарынан түскен тізімді ӨКМ Операторына береді. 

3.  ӨКМ Операторы ұсынылған тізім бойынша автоматтандырылған жүйеге тапсырылатын техникаларды енгізіп, электронды кезек жүйесін ашады. 

4.  Кезек ашылғаннан кейін көлік тапсырушы шаруалар recycle.kz сайтына кіріп, техника тапсырудың кезегіне тұрады.