Экосаналы адам болу үшін қандай қадам жасау керек? Оның үш негізгі қағидасы бар. Сатып алу мөлшерін азайту, көп рет қолданылатын заттарды тұтыну және кәдеге жарайтын барлық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру. Міне, дәл осындай өмір салты сіздің ақшаңызды үнемдейді. Саналы тұтыну дағдысын насихаттаушылардың арасында фейсбук желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг, актер Бред Питт сияқты бай адамдар мен танымал тұлғалар жеткілікті.