«Жасыл даму» АҚ Түркістан облысында макулатураны қайта өңдеу және қағаз табақшалар өндірісі жобасын қолдады
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ Түркістан облысында макулатураны қайта өңдеу және қағаз табақшалар өндірісі жобасын қолдады

«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, макулатурадан қайта өңделген қағаз табақшалар өндіруге арналған жабдық сатып алу жобасы аясында «SADYK BEREKE» ЖШС-не 64 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

«SADYK BEREKE» ЖШС макулатураны жинау және қайта өңдеу, сондай-ақ табиғи газда кептірілген, полигондық қалдықтан алынбаған, жоғары сортты шикізаттан жасалған жұмыртқа табақшаларын өндірумен айналысатын қазақстандық жеке компания. Кәсіпорын Түркістан облысында орналасқан және қазіргі таңда сағатына 1 750 жұмыртқа табақшасын шығарады. Болашақта өндіріс қуатын арттыру, өнім көлемін ұлғайту және қосымша желіні іске қосу арқылы сапа мен тиімділікті жақсарту жоспарлануда.

Жобаны іске асыру мынадай нәтижелер береді:

  • Өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, ілеспе салаларда жұмыспен қамтуды арттыру және ауылдық аймақтардағы экономикалық жағдайды жақсарту;

  • Макулатураны пайдалану арқылы қалдық көлемін азайту және қоқыс полигондарына түсетін жүктемені төмендету;

  • Алғашқы табиғи ресурстарға деген сұранысты азайту, бұл экологияға оң әсерін тигізеді;

  • Дағдарыстық жағдайларда өңір экономикасының тұрақтылығын арттыру;

  • Қазақстанда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымының дамуына серпін беру.

«Жасыл даму» АҚ утилизациялық төлем қаражатын пайдалана отырып, экологиялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға ақпараттық қолдау көрсетуді жалғастырады.