«Жасыл даму» АҚ Қазақстанды Осакадағы Expo 2025 көрмесінде таныстырды
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанды Осакадағы Expo 2025 көрмесінде таныстырды

«Жасыл даму» АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, IGTIC және QazExpoCongress ұйымдастырған, Expo 2025 ұйымдастыру комитетінің қолдауымен өткен «Carbon Solutions: The Path to a Sustainable Future» атты сессияға қатысты. Іс-шара биоәртүрлілікті сақтау және климаттық тұрақтылық мәселелеріне арналған The Future of Earth and Biodiversity тақырыптық апталығы аясында өтті.

Қазақстандық тарап эмиссиялар саудасы жүйесін енгізу тәжірибесін, 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Ұлттық көміртек квоталары жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ жасыл инвестицияларды ынталандыру жөніндегі бастамаларды таныстырды. Талқылаудың негізгі тақырыптары көміртек офсеттерінің тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерінің шығарындыларды азайтудағы рөлі және көміртек бірліктерінің ашық әрі тұрақты нарығын қалыптастыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту болды.

«Жасыл даму» АҚ-ның Expo 2025 көрмесіне қатысуы ұлттық климаттық шешімдерді көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстанның шығарындыларды азайту және орнықты дамуға көшу жөніндегі жаһандық күн тәртібіне белсенді қатысуға дайын екенін растады.