«Жасыл даму» АҚ азаматтарға, бизнес өкілдеріне және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жүйесіне қатысушыларға бірыңғай байланыс орталығы арқылы жедел ақпараттық қолдау көрсетуді жалғастыруда.
Байланыс орталығының мамандары күн сайын электрондық сервистерді пайдалану, сайтқа тіркелу, жеке кабинетке қолжетімділікті қалпына келтіру, кәдеге жарату төлемдерін төлеу, EcoQolday бағдарламасына қатысу және компания қызметінің өзге де бағыттары бойынша кеңес береді.
Байланыс орталығының негізгі міндеті — өтініш білдірушілерге уақтылы әрі сапалы көмек көрсету, сондай-ақ компания қызметтері бойынша қажетті ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсыну.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бірыңғай байланыс орталығына 7 168 өтініш келіп түсті.
Өтініштердің басым бөлігі электрондық сервистердің жұмысына қатысты болды. Бұл бағыт бойынша 5 018 өтініш немесе жалпы өтініштердің 70%-ы қабылданды. Азаматтар мен ұйымдар көбіне сайтқа тіркелу, жеке кабинетке кіру мүмкіндігін қалпына келтіру, өтінімдерді беру және түзету, сертификаттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ төлем мәселелері бойынша жүгінген.
Кәдеге жарату төлемдері бойынша берешекті төлеуге қатысты 1 076 өтініш түсті. Бұл жалпы көрсеткіштің 15%-ын құрайды. EcoQolday бағдарламасының жұмысы, тіркелу және өтінім беру мәселелері бойынша 359 қоңырау қабылданды. Бұл — барлық өтініштердің 5%-ы. Қоғам қызметінің басқа бағыттары бойынша 715 өтініш немесе 10% түсті.
«Жасыл даму» АҚ кері байланыс сапасын арттыруға және клиенттік сервисті жетілдіруге ерекше назар аударады. Байланыс орталығының жұмысы пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап беруге, қажетті консультация ұсынуға және экологиялық бағыттағы мемлекеттік әрі корпоративтік сервистердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Еске саламыз, «Жасыл даму» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 8 700 730 08 55 нөмірі арқылы хабарласуға болады.