«Жасыл даму» АҚ ірі габаритті шиналарды басқарудың бірыңғай тәсілін пысықтауда
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ ірі габаритті шиналарды басқарудың бірыңғай тәсілін пысықтауда

«Жасыл даму» АҚ ірі габаритті және аса ірі габаритті шиналарды (ІГШ және АІГШ) басқаруды оңтайландыру жөніндегі кәсіпорындардың ұсыныстарын қарастырды.

Жұмыс кеңесіне Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Жасыл даму» АҚ-ның, сондай-ақ ІГШ мен АІГШ-ны қайта өңдеумен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысты.

Ұсыныстардың бірі шиналарды қалдық түзушілердің алаңдарында алдын ала кесуді көздейді. Бұл тасымалдау көлемін азайтуға, көлік шығындарын төмендетуге және жиналған шиналарды қайта өңдеуге беруді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша ІГШ мен АІГШ-ны алдын ала өңдеу және есепке алудың бірыңғай тәртібін пысықтау жоспарланып отыр. Бұл ретте қалдықтарды басқарудың барлық кезеңінде есепке алудың ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету негізгі талап болып қала береді.