«ЭкоАсар» бастамасы аясында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқушылары 28 тоннадан астам шикізат жинады. Жиналған шикізаттан 2 213 000 теңге қаражат түсті. Енді осы қаражатқа мектеп аулаларын көгалдандыру мақсатында көшеттер сатып алынатын болады. Игі шараға мектеп оқушылары мен қатар олардың ата-аналары да белсенді ат салысты. Осылайша білім беру мекемелері шикізатты қайта өңдеуге тапсыру арқылы мектеп ауласын гүлдендіруге өз үлестерін қосуда.