Қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекорд жасады
Назад в пресс-Центр

Қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

Көлік санаты  Саны 
М1 (жеңіл көлік) 194163
М2, N1, N2 (жолаушы және жүк көлігі) 14590
М3, N3 (5 және 12 тоннадан жоғары жүк көлігі) 6179


Ауылшарушылық техникасын бойынша бүгінгі таңда 3 206 техника тапсырылды. Оның 2 348 трактор, 858 комбайн. 2021 жылы агротехникаларды қабылдауға барлығы  3 380 квота бөлінген болатын. 

Бағдарлама аясында жеңіл автокөліктерге 210 мың, жолаушы және жүк көліктерінің санатына қарай 420 мыңнан 630 мың теңгеге (126-216 АЕК) дейін бағаланады. Агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2  миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беріледі.

Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша 54 834 автокөлік қабылданды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық  өндірушіден 29 853  су жаңа автокөлік сатып алынды.

Айта кету керек жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 70-90 жылдары шыққан машиналарды құрап отыр.  Аймақтар бойынша көлік тапсырудың үздік бестігін Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалалары бастап тұр.

Естеріңізге салайық 2021 жылдың 1 желтоқсаннан бастап жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау уақытша тоқтатылды. Оның себебі биылғы жылға межелі квота толығымен игеріліп отыр. Ал ауылшаруашылығы техникасы электронды кезекке сәйкес жыл соңына дейін қабылданады. Ескі көліктерді қабылдауға қажетті квота бөлінгеннен кейін 2022 жылдың қаңтар айынан бағдарлама қайта іске қосылады деп күтілуде.