Елордалық жобаға барлығы 56 волонтер қатысып, 6 000 респондентке сауалнама жүргізді. №37 мектеп «сарыға таста» эксперимент шарттары бойынша 630 отбасы 2 ай ішінде үйде ҚТҚ-ны дұрыс сұрыптауды жүзеге асырады және қайталама шикізатты ( макулатура, пластик, шыны және металл ыдыс) қайта өңдеуге жібереді. Мұғалімдер мен ата-аналар командасы барлық жақтарын ескерді: отбасында қанша қаптама қалдықтары пайда болғанын, қайталама шикізаттың қандай түрін сатып алатындығын, таңбалауға назар аударатындығын, отбасы бюджетті қалай үнемдейтінін және қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін арнайы экологиялық жоспарлар жасалды. Оқушылардың өздері әлеуметтік эксперимент жүргізеді. Ең соңында өздерінің зерттеу жұмыстарын ұсынады. Жобасының серіктесі «Clean city NC» осы жобаның белсенді қатысушылары үшін арнайы сыйлықтар дайындайды.