Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық мөлшерлемелері мен коэффициенттері бойынша «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы «бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығы заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданды. ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті (2022 жылғы 29 сәуірдегі №136).
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.