2023 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілерден және импорттаушылардан оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға төлемдер арқылы ақшаны жіберу қағидалары» бекітілді (EcoQolday).
Қағидалар 2023 жылдың 6 желтоқсанында жарияланды және 2024 жылдың 4 ақпанында қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң).
Осыған байланысты, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілер, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар үшін жоғарыда аталған Қағидаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат (сілтеме) қосымша «Жасыл даму» акционерлік қоғамының сайтында орналастырылатын болады.