ӨКМ Операторының кәсіпкерлерге қанша төлейтіні бекітілді
Назад в пресс-Центр

ӨКМ Операторының кәсіпкерлерге қанша төлейтіні бекітілді

ҚР Үкіметі, ӨКМ (өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) Операторының ("Жасыл даму" АҚ) банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақша есебінен, өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеті жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинайтын, тасымалдайтын, қайта пайдалануға дайындайтын, сұрыптайтын, өңдейтін, қайта өңдейтін, залалсыздандыратын және (немесе) жоятын кәсіпкерлерге ақшалай төлемнің мөлшерін бекітті.

Төлем мөлшері АЕК тоннасына:

Шыны қаптама жинау-7,66; тасымалдау-5,46; қайта өңдеу-1,44

Қағаз және картон қаптама жинау-5,82; тасымалдау-4,23; қайта өңдеу-1,55

Полимерлі қаптама жинау-9,05; тасымалдау-7,41; қайта өңдеу - 1,79

Аралас материалдардан жасалған қаптама жинау-8,96; тасымалдау-6,92 қайта өңдеу – 1,45

Металл қаптама жинау-0,21;

Жүк/жеңіл көлік шиналар - 13,50; ірі көлемді-17,15

Майлар-2,98

Аккумулятор - 2,39

Жылу тасымалдағыш электрондық және электр жабдықтар-21,43

Ірі көлемді электрондық және электр жабдықтар - 16,19

Шағын көлемді электрондық және электр жабдықтар-7,42

Экраны мен мониторы бар электрондық жабдық-43,19

Ақпараттық, техникалық және телекоммуникациялық электрондық және электрлі шағын жабдықтар-51,91

Шамдар-80,95


Қаулы 2024 жылғы 24 қаңтарда жарияланды және 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Анықтама үшін биыл 1 АЕК 3 692 теңге.