KAZENERGY қауымдастығында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың төрағалығымен "2026-2030 жылдарға арналған көміртегі квоталарының бірліктерін бөлу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ірі мұнай-газ жобаларының операторлары — Қауымдастық мүшелері, шетелдік инвесторлар, "Атамекен" ҚР ҰКП және "Жасыл Даму" АҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар 2026-2030 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды әділ және тең бөлу мәселелерін талқыланды. Оның ішінде қуаты инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ұлғаятын қондырғылардың әсерінен өндірістің қарқынды өсетіндігіне назар аударылды.
Іс-шара 2026-2030 жылдарға арналған көміртегі квоталарының ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік органдар мен Қауымдастық мүшелерінің әділ және транспарентті жүйені қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін одан әрі ынтымақтастықтың негізін қалауға мүмкіндік берді.