«ӨКМ Операторы» ЖШС ұжымы өмірден мезгілсіз өткен Нұрахметов Айдын Серікболұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Айдын Серікболұлы еңбек жолының басым бөлігін қайта өңдеу саласына арнады. Еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы мен Астана қаласындағы тұрмыстық қалдық өңдейтін зауыт жұмысын басқарды. «Қазақстан Қағазы» АҚ бас директорының кеңесшісі, Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін «RecyclingCompany» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы қалдық өңдеу зауытының директоры қызметін атқарып келді. Айдын Серікболұлы қалдықты тиімді басқару саласының дамуына зор үлес қосқан білікті маман ретінде әріптестерінің мәңгі есінде қалады.