Бүгін Басқарма төрағасы Сәрсенбай Ержан Нұрланұлының басшылығымен Ұлыбритания Елшілігінің өкілдерімен, оның ішінде Орталық Азиядағы даму жөніндегі директор Сара Купермен, экономика және климаттың өзгеруі бөлімінің бірінші хатшысы Селена Макгиннесспен, климат және жасыл экономикаға көшу жөніндегі екінші хатшы Кирри Хендриксенмен, климаттық іс-қимыл және басқару жөніндегі бағдарламалық менеджер Азамат Ташевпен, Орталық Азиядағы бағдарламалық офицер, Тәжікстандағы климат және энергетика жөніндегі үйлестіруші Ахдия Курбоновамен және климаттың өзгеруі жобалары мен мәселелері жөніндегі үйлестіруші Айнұр Исламғалиевамен Қоғам сарапшыларының кездесуі өтті.
Кездесу барысында Тараптар Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, энергетика және су ресурстарын басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Қоғам қызметінің мәселелері және төмен көміртекті дамуды іске асыру жөніндегі ұлттық басымдықтар талқыланды, атап өткенде келесі сұрақтар:
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар осы мәселелер бойынша өзара ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.