«ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма Төрағасы Медет Құмарғалиевтің қатысумен Zoom платформасында телекөпір өткізілді. Ақтөбе, Қостанай, Шымкент қаласының қабылдау бекеттері байланысқа қосылды. Техникасын тапсыруға келген шаруа қожалықтары да тікелей эфирде өз ойларын білдірді.
Байланысқа қосылған жергілікті ауылшаруашылық басқармаларының мамандары аймақтағы шаруа қожалықтарының нақты тізімін жасап, делдалдардың қатыспауына мүмкіндік жасайтындығын білдірді.
Айта кету керек ауылшарушлық техникасын қабылдауға бөлінген 1000 квотаның бүгінгі таңда 200-і игерілді. Атап айтқанда 101 комбайн, 99 трактор қабылданды.
Телекөпірдің толық нұсқасы: