Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 389-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Жасыл даму» АҚ артық төленген сомаларды алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке жатқызу мүмкіндігіне қатысты, «Жасыл даму» АҚ Ережелеріне сәйкес жүргізілетінін еске салады. «Жасыл даму» АҚ Басқармасының 2022 жылғы «14» желтоқсандағы шешімімен (№40 хаттама) бекітілген артық төленген сомаларды алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке жатқызу бойынша (бұдан әрі – Ереже) өндірушілердің және импорттаушылардың өтініштері негізінде, оператордың кәдеге жарату төлемі енгізілген есепті кезең үшін ҚР салық заңнамасында көзделген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзіміне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей расталған артық төленген сомалар жатады.
Осылайша, 2022 жылы артық төленген сомаларды алдағы төлемдер есебіне қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қажетті өтініштерді өндірушілер (импорттаушылар) 2023 жылғы 1 наурызына дейін беруге тиіс. Алдағы төлемдер есебіне қайтару, (немесе) есепке жатқызу және негіздемелерді растау үшін импорттаушы Ережеде көрсетілген тиісті құжаттарды қоса беруі керек.
Ережелермен танысуға және олармен әрі қарай жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтуге болады.
(https://recycle.kz/storage/app/media/doc/pravila_vozvrata_i_ili_zacheta_14.12.2022.pdf).