2022 жылдың 24-қаңтардан бастап өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық төлем қабылдау процесін «Жасыл даму» АҚ жаңа деректемелерде жүргізеді. Мемлекеттік мекеме кәдеге жарату аламын қабылдауға қатысты екінші деңгелі банктерден шот ашып, деректемелерін жаңартты. Кәдеге жарату төлемінің ставкасын уәкілетті орган қайта қараған сәтке дейін ағымдағы мөлшерлеме қолданыста болады. Сонымен қатар мемлекеттік оператор ескі көліктерді қабылдау жұмысын қайта жаңғыртады. Ауылшаруашлық техникасын тапсырып жеңілдікпен көлік сатып алуға берілген сертификаттарды пайдаға асырылатын болады.
Утилизациялық төлем жүргізілетін банктік шоттар мен деректемелер
№ п/п |
Шот нөмірі |
Мақсаты |
1 |
KZ02601A871001725251 |
Қаржыландыруға шарт жасалған көлік құралдарын өндірушілер |
2 |
KZ07601A871001726131 |
Қаржыландыру шарты жоқ көлік құралдарын өндірушілер |
3 |
KZ20601A871001726091 |
Көлік құралдарының импорты |
4 |
KZ28601A871001726141 |
Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер |
5 |
KZ41601A871001726101 |
Ауыл шаруашылығы техникасының импорты |
6 |
KZ62601A871001726111 |
Автоқұрамдауыштар мен қаптамаларды өндірушілер |
7 |
KZ70601A871001726161 |
Автоқұрамдауыштар мен қаптамаларды импорттау |
8 |
KZ83601A871001726121 |
Кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушілер |
9 |
KZ49601A871001726151 |
Кабель-өткізгіш өнімдерінің импорты |
Естеріңізге салайық, ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 19 қаңтардағы Қаулысына сәйкес «өндірушелердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің» жаңа операторы болып «Жасыл Даму» АҚ айқындалған болатын. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі еншісіне өткен кәсіпорын, өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыратын болады.