EcoQolday жобасының қайта іске қосылуы туралы хабарландыру
Назад в пресс-Центр

EcoQolday жобасының қайта іске қосылуы туралы хабарландыру

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің тізбесіндегі* қалдықтарды жинайтын және өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындардың назарына!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру Қағидалар» (бұдан әрі – Қағида) Қағидаларын әзірледі. Қағидалар мемлекеттік органдармен келісілуде.

Қағида, автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы төлемдерді алу үшін, кәсіпкерлік субъектілерінің құжаттарын ұсынуды және қарауды көздейді.

Қағидалар бекітіліп, заңды күшіне енгенге дейін «Жасыл даму» Ационерлік қоғамымен, ААЖ пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі мен форматы қосымша хабарланады.

Түсіндіру жұмыстарының шеңберінде, тұтынушыларды жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлем түрінде қолдау алуға ниетті кәсіпорындарды толық қамту үшін, a.sabdenov@recycle.kz электронды поштасына келесі ақпаратты жіберу қажет:

1) кәсіпорынның атауы:

2) орналасқан жері (заңды/нақты мекенжайы);

3) жиналған/өңделген қалдықтардың түрі (қайта өңдеу кезінде – өндірістік объектінің өнімділігі тонна/жыл);

4) байланыс деректері.




*әр түрлі пластмасса түрлері, макулатура (қағаз/картон), шыны ыдыстар, автокөліктердің қалдықтары (майлар, пайдаланылған шиналар, аккумуляторлар, антифриз)