Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы Үлгілік шарттың 4.3.6. тармағына сәйкес, өндіруші (импорттаушы) тұрақсыздық айыбын төлеуге және Операторға кәдеге жарату төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу кезінде Оператордың толық көлемдегі шығындарын, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, атқарушылық жазбаны жасауға байланысты шығындарды, сот шығындарын (мемлекеттік баж, өкілдік шығындары) және мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты өзге де шығындарды өтеуге міндетті.
Осыған орай, утилизациялық төлемдер бойынша қарызды сотқа дейінгі тәртіпте төлемеген жағдайда, Оператор сот талаптары бойынша жұмыстар аясында барлық төленген өкілдік шығындарды импорттаушыға (өндірушіге) жүктейді.