Бір ғана сөндірілмеген темекі тұқылы қоқыс контейнерін өртеп жіберуі мүмкін
Баспасөз орталығына оралу

Бір ғана сөндірілмеген темекі тұқылы қоқыс контейнерін өртеп жіберуі мүмкін

Өкінішке қарай, мұндай өрттердің ең жиі кездесетін себептерінің бірі – контейнерлерге тасталған сөндірілмеген темекі тұқылдары, ыстық күл және басқа да бықсып тұрған қалдықтар.

Контейнердің өртенуі – жай ғана бүлінген мүлік емес. Оның салдары әлдеқайда ауқымды:

♻️ қалдықтарды жинау жүйесінің жұмысы бұзылады;
🌿 қоршаған ортаға зиян келеді;
💸 жаңа контейнерлер сатып алуға қосымша қаражат жұмсалады.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті:

🚭 контейнерлерге сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;
🔥 ыстық күлді, сондай-ақ бықсып тұрған немесе жанғыш қалдықтарды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.

Қоршаған ортаны қорғауға әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз:

♻️ мүмкіндігінше қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды бөлек жинаңыз.

Қоршаған ортаға жанашырлық күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Аулаларымыздың тазалығы мен қауіпсіздігі – әрқайсымызға ортақ жауапкершілік.

«Жасыл даму» АҚ тұрғындарды ортақ мүлікке ұқыпты қарауға, қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу қағидаларын сақтауға, қайталама шикізатты сұрыптауға және қалаларымызды бірге таза, қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы етуге шақырады.